Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің №7 мектеп – гимназиясы" КММ 2025-2026 оқу жылына педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша конкурс жариялайды
Хабарландыру!!!
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің №7 мектеп – гимназиясы" КММ 2025-2026 оқу жылына педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша конкурс жариялайды. Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығының талаптарына сәйкес өткізіледі. Конкурсқа өтінімді сайтта
hr-nobd.edu.kzберуге болады. 12.08.2025 ж. дан 20.08.2025ж. дейін
Білім беру мекемесінің мекен-жайы: 080020 Тараз қаласы қ, Жалаири көшесі, №5, тел: 34-20-71 taraz7@mail.ru.
Конкурс келесі бос орынға жарияланады:
- орыс сыныптарына орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімнің -1 ставка, (тұрақты вакансия)
Біліктілік талаптары: Жоғары оқу орнынан.
Жалақы: еңбек өтілі мен біліктілігіне байланысты 150 000 теңгеден.
Мұғалімнің функционалдық міндеттері:
1) өз қызметінде тиісті кәсіби құзыреттерге ие болуға;
2) оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық қағидаттарын сақтауға, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген талаптардан төмен емес оқыту мен тәрбиелеу сапасын қамтамасыз етуге;
3) өзінің кәсіби шеберлігін, зерттеушілік, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санатының деңгейін кемінде бес жылда бір рет арттыруға (растауға);
4) педагогикалық әдепті сақтауға міндетті;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті мерзімді медициналық қарап-тексеруден өтуге міндетті;
6) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
7) балаларды заңға, адам мен азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-аналарына, үлкен, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге, жоғары адамгершілікке, патриотизмге, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға құрмет рухында тәрбиелеуге;
8) білім алушылар мен тәрбиеленушілерде өмірлік дағдыларды, құзыреттерді, дербестікті, шығармашылық қабілеттерді дамытуға және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға;
9) өмірлік қиын жағдайға тап болған баланы анықтау фактілері туралы білім беру ұйымының басшылығына дереу хабарлауға міндетті;
10) кәмелетке толмағандардың қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар, оның ішінде білім беру ұйымынан тыс кәсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасау фактілері туралы немесе оларға қатысты құқық қорғау органдары мен білім беру ұйымының басшылығына дереу хабарлауға;
11) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге консультация беруге міндетті.
2. Педагог білім беру процесін саяси үгіт-насихат жүргізу, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді саяси, діни немесе өзге де наным-сенімдерді қабылдауға не олардан бас тартуға мәжбүрлеу, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік тиесілілік белгісі бойынша азаматтардың айрықша болуын, артықшылығын не кемістігін насихаттайтын үгіт-насихат жүргізу үшін, олардың дінге деген қарым-қатынасы, оның ішінде білім алушыларға тарихи, ұлттық құндылықтар туралы анық емес мәліметтерді хабарлау арқылы, Қазақстан Республикасы ұлттары мен ұлыстарының діни және мәдени дәстүрлеріне, сондай-ақ білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін іс-әрекеттерге итермелеу.
Құжаттар: мұғалімдік қызметке конкурс арқылы тапсырылатын құжаттар НОБД арқылы қабылданады hr-nobd.edu.kz.