"Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің №7 мектеп – гимназиясы" КММ 2023-2024 оқу жылына педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша конкурс жариялайды. » Школа-гимназия №7 г. Тараз - официальный сайт
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№7 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8 726 2) 34-20-71
Есепші:
(8 726 2) 34-20-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің №7 мектеп – гимназиясы" КММ 2023-2024 оқу жылына педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша конкурс жариялайды.
03
қаңтар
2024

"Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің №7 мектеп – гимназиясы" КММ 2023-2024 оқу жылына педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша конкурс жариялайды.

                                                              Хабарландыру!!!

"Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің №7 мектеп – гимназиясы" КММ 2023-2024 оқу жылына педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша конкурс жариялайды. Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 (2022 жылғы 23 ақпандағы №513 өзгерістермен) бұйрығының талаптарына сәйкес өткізіледі. Конкурсқа өтінімді сайтта беруге болады enbek.kz 03.01.2024 ж. дан11.01.2024ж. дейін

Білім беру мекемесінің мекенжайы: 080020 Тараз қаласы қ, Жалаири көшесі, №5, тел: 34-20-71 taraz7@mail.ru.

Конкурс келесі бос орынға жарияланады:

- декреттегі мұғалімнің орынына уақытша математика  мұғалімі  -15 сағат 

Жалақы: мұғалімнің еңбек өтілі мен біліктілігіне байланысты 150 000 теңгеден.

Мұғалімнің функционалдық міндеттері:

1) өз қызметінде тиісті кәсіби құзыреттерге ие болуға;

2) оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық қағидаттарын сақтауға, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген талаптардан төмен емес оқыту мен тәрбиелеу сапасын қамтамасыз етуге;

3) өзінің кәсіби шеберлігін, зерттеушілік, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санатының деңгейін кемінде бес жылда бір рет арттыруға (растауға);

4) педагогикалық әдепті сақтауға міндетті;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті мерзімді медициналық қарап-тексеруден өтуге міндетті;

6) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;

7) балаларды заңға, адам мен азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-аналарына, үлкен, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге, жоғары адамгершілікке, патриотизмге, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға құрмет рухында тәрбиелеуге;

8) білім алушылар мен тәрбиеленушілерде өмірлік дағдыларды, құзыреттерді, дербестікті, шығармашылық қабілеттерді дамытуға және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға;

9) өмірлік қиын жағдайға тап болған баланы анықтау фактілері туралы білім беру ұйымының басшылығына дереу хабарлауға міндетті;

10) кәмелетке толмағандардың қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар, оның ішінде білім беру ұйымынан тыс кәсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасау фактілері туралы немесе оларға қатысты құқық қорғау органдары мен білім беру ұйымының басшылығына дереу хабарлауға;

11) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге консультация беруге міндетті.

2. Педагог білім беру процесін саяси үгіт-насихат жүргізу, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді саяси, діни немесе өзге де наным-сенімдерді қабылдауға не олардан бас тартуға мәжбүрлеу, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік тиесілілік белгісі бойынша азаматтардың айрықша болуын, артықшылығын не кемістігін насихаттайтын үгіт-насихат жүргізу үшін, олардың дінге деген қарым-қатынасы, оның ішінде білім алушыларға тарихи, ұлттық құндылықтар туралы анық емес мәліметтерді хабарлау арқылы, Қазақстан Республикасы ұлттары мен ұлыстарының діни және мәдени дәстүрлеріне, сондай-ақ білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін іс-әрекеттерге итермелеу.




Похожие публикации:

01 қараша 2023 Хабарландыру!!!
16 қазан 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
15 қыркүйек 2023 ОБЪЯВЛЕНИЕ!!!
14 тамыз 2023 ОБЪЯВЛЕНИЕ!!!
07 қыркүйек 2022 Внимание объявление