14
сәуір
2024
Тазалық – қала көркі, қоғам айнасы. Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» атты 5 апталық республикалық экологиялық акциясы

Сонымен қатар қала әкімінің қаулысымен санитарлық-тазалықтың екі айлығы басталған болатын. Айлық аясында облыс орталығында апта сайын сенбілік ұйымдастырылып келеді.

11 аумақтық округ бойынша бас инспекторлардың үйлестіруімен өткен сенбілікке 22 дана арнайы көлік жұмылдырылды.

Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин, Лермонтов, Әл-Фараби, Б.Момышұлы, Саңырақ батыр көшелерінде орналасқан аялдамаларға ретсіз жабыстырылған жарнамалар мен қоқыс жәшіктері тазаланды.
