Иманғазы Нариманмен мектеп бітіруші оқушылармен үгіт насихат жұмысы жүргізілді.
Тараз қаласы №7 мектеп гимназиясныңАӘжТД пәні мұғалімі Ғ.Д. Құлтасовтың ұйымдастыруымен мектебіміздің 2024 жылғы түлегі Ақтөбе қаласындағы Талғат Бигелдинов атындағы әуе Қорғанысы күштері инстиутының әскери медицина факультетінің 1 курс студенті Иманғазы Нариманмен мектеп бітіруші оқушылармен үгіт насихат жұмысы жүргізілді.
Мақсаты: Әскери оқу орындарына түсу бойынша ақпараттық және үгіт насихат жүргізу, болашақ мамандық таңдауда бағыт бағдар беру. Кездесу барысында курсант Иманғазы ҚРҚК әуе қорғанысы күштерінің институты жоғары дәрежелі офицер құрамын даярлаушы бірегей оқу орны екенін атап өтті. Әскери оқу орнына түсу жолдарын және әрбір азаматтың басты міндеті Отан қорғау екендігін атап өтті. Әскери адам болу, Отан қорғаушы болу қызметінің қандай қастерлі мамандық екенін айтты .

