03
мамыр
2022
Еріктілердің қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 42-VІ ҚРЗ.
Осы Заң еріктілік қызметтің құқықтық негіздерін, мақсаттары мен міндеттерін, қағидаттарын, нысандары мен түрлерін, сондай-ақ оны қолдау шараларын белгілейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Ерікті – Еріктілік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
2) Еріктілер тобы – осы Заңда белгіленген нормалар қолданылатын, еріктілік қызметті бірлесіп жүзеге асыру мақсатында құрылған жеке тұлғалардың тіркелмеген ерікті қоғамдастығы;
3)Еріктілік акция – еріктілік ұйым және (немесе) еріктілер және (немесе) еріктілер тобы орындайтын нақты әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы міндетті шешуге бағытталған іс-шара;
4) Еріктілік бағдарлама (жоба) – еріктілік ұйым және (немесе) еріктілер және (немесе) еріктілер тобы орындайтын іс-шаралар мен күтілетін нәтижелер көрсетіле отырып, әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге бағытталған жүйелі шаралар кешені;
5) еріктілер қызметі – жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүдделерінде өтеусіз негізде жүзеге асырылатын, әлеуметтік бағыттағы ерікті, ерік қалауымен орындалатын қоғамдық пайдалы қызмет;
6) еріктілер қызметі саласындағы уәкілетті орган – мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимылы саласындағы орталық атқарушы орган;
7) еріктілер қызметі есепке алу тізімі – еріктілер, еріктілер топтары, еріктілер ұйымдары, еріктілер қызметті үйлестірушілер мен ұйымдастырушылар, еріктілер бағдарламалары (жобалары), еріктілер акциялары, олардың өткізілу орны мен уақыты, оларды өткізуге қойылатын талаптар туралы мәліметтер қамтылған деректер тізілімі;
8) еріктілер қызметті ұйымдастырушы – еріктілерді өзі дербес не еріктілер ұйымдары арқылы тартатын орталық және жергілікті атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, өзге де ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар;
9) еріктілер ұйымы – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және волонтерлік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым (діни бірлестіктерді, тұтыну кооперативтерін, сондай-ақ саяси партиялар немесе кәсіптік одақтар нысанындағы қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда).
2-бап. Осы Заңның реттеу нысанасы
Осы Заңда көзделген нысандар мен түрлерде өтеусіз негізде жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы қоғамдық пайдалы қызметті ерікті жүзеге асыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар осы Заңның реттеу нысанасы болып табылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының волонтерлік қызмет туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының волонтерлік қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4-бап. Еріктілер қызметтің мақсаттары мен міндеттері, негіздері
1. Еріктілер қызметтің мақсаттары:
1) жеке және заңды тұлғаларға көмек көрсету, азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және сақтау, дене шынықтыруды және спортты дамыту, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттар;
2) еріктілер қоғамда азаматтық ұстанымды, өзін-өзі ұйымдастыруды, әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақ, өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыру болып табылады.
2. қызметтің міндеттеріне:
1) қоғамға әлеуметтік міндеттерді шешуге көмектесу;
2) еріктілер қызметті ұйымдастыруға бағытталған азаматтық бастамаларды дамыту және қолдау;
3) халықтың әртүрлі нысаналы топтарымен және санаттарымен өзара іс-қимыл жасауда еріктілер қызметтің рөлін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
4) еріктілерге консультация беруді, ақпарат беруді және әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру және жүргізу;
5) еріктілер топтарын – жоба іс-шараларын орындаушыларды жасақтау;
6) еріктілік қызметке оқытуды ұйымдастыру жатады.
3. Еріктілік қызмет саяси партияларды және діни бірлестіктерді қолдауға бағытталмайды.
4. Кез келген нысандар мен көріністердегі терроризмді, экстремизмді және сепаратизмді көздейтін волонтерлік қызметке тыйым салынады.
5. Әскерилендірілген құрылымы, нысаны, арнаулы айырым белгілері, әнұрандары, жалаулары, жалаушалары, ішкі тәртіп пен басқарудың ерекше жағдайлары, қаруы, соның ішінде имитациялық қаруы бар әскерилендірілген құралымдар үлгісі бойынша волонтерлік ұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағында құруға тыйым салынады.
5-бап. Еріктілік қызметтің қағидаттары
1. Еріктілік қызмет:
1) еріктілер қызметінің өтеусіздігі, еріктілігі, тең құқықтылығы мен заңдылығы;
2) осы Заңда белгіленген еріктілік қызметтің мақсаттарын, нысандарын, түрлері мен әдістерін айқындаудағы, бағыттарын таңдаудағы еркіндік;
3)еріктілік қызмет туралы ақпараттың жариялылығы және жалпыға бірдей қолжетімділігі;
4) еріктілік қызметке қатысушы адамдардың ынтымағы, адалдығы мен ынтымақтастығы;
5) өмір мен денсаулық қауіпсіздігі;
6) осы саладағы тең құқылы және өзара тиімді халықаралық ынтымақтастық қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Еріктілік қызмет мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы бойынша қызметін алмастырмайды.
6-бап. Еріктілік қызметтің нысандары мен түрлері
1. Еріктілік қызмет:
1) жеке-дара еріктілік қызмет;
2) еріктілер тобы құрамындағы еріктілік қызмет;
3) еріктілік ұйым арқылы еріктілік қызмет нысанында жүзеге асырылуы мүмкін.
2.Еріктілік қызметтің негізгі түрлері:
1) әлеуметтік көмек, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарына, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсетуге қатысу;
2) қарттарға, мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектер үшін ортаның қолжетімділігін ұйымдастыру, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу, интеграциялау және тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу;
3) дүлей зілзалалар, экологиялық, техногендік және басқа да апаттар, әлеуметтік шиеленістер, жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккен адамдарға, құқық бұзушылықтар құрбандарына, босқындарға және шарасыздан қоныс аударушыларға, сондай-ақ сырттан жасалатын көмек пен қолдауға мұқтаж адамдардың өзге де санаттары мен топтарына көмек көрсетуге қатысу;
4) орталық және жергілікті атқарушы органдарға төтенше жағдайлардың алдын алуға және салдарларын жоюға жәрдем көрсету;
5) хабарсыз кеткен адамдарды, Ұлы Отан соғысы мен оқшау соғыстарға қатысушылардың сүйектерін іздеуге қатысу;
6) қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысу;
7) тарихи және мәдени мұраны сақтау, тарихи-мәдени мекендеу ортасын қалпына келтіру мен сақтау үшін мүмкіндіктер жасауға қатысу;
8) білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамытуға, білімді танымал етуге, инновацияларды дамытуға қатысу;
9) дене шынықтыруды, спорт пен белсенді демалысты дамыту мен танымал етуге, өңірлік, өңіраралық, республикалық қоғамдық және халықаралық дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу;
10) саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
11) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, археологиялық қазбаларға, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, конгресс-көрме қызметіне қатысу;
12) халықтар арасындағы татулықты, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессияаралық, этносаралық, діни шиеленістерді болғызбауға қатысу;
13) волонтерлік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де түрлері болып табылады.
2-тарау.ЕРІКТІЛІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің волонтерлік қызмет саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) еріктілік қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) өзіне Конституциямен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
8-бап. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының еріктілік қызмет саласындағы құзыреті
1. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
1) еріктілік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) ерктілік қызметті қолдау мен ынталандыру тетіктерін әзірлейді;
3) ерктілік қызмет саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға жәрдемдеседі;
4) ерктілік бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға қатысуға және ерктілік акцияларды өткізуге ерктілік ұйымдар мен волонтерлерді тарту тәртібі жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
5) ерктілік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
6) ерктілік бағдарламалардың (жобалардың) және ерктілік акциялардың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырады;
7) ерктілік қызмет практикасын талдайды, жиынтықтау мен жинақтап қорытуды жүзеге асырады;
8) ерктілік қызметті есепке алу тізілімдерін жүргізеді;
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Орталық атқарушы органдар өздерінің интернет-ресурстарында ерктілік қызметті есепке алу тізілімдерін орналастырады.
9-бап. Еріктілік қызмет саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Еріктілік қызмет саласындағы уәкілетті орган:
1) ерктілік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасындағы волонтерлік қызмет туралы ақпаратты жиынтықтау мен жинақтап қорытуды жүзеге асырады;
3) еріктілік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі үлгілік қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
4) ерктілік бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға қатысуға және волонтерлік акцияларды өткізуге ерктілік ұйымдар мен ерктілерді тарту тәртібі жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
5) ерктілік бағдарламалардың (жобалардың) және ерктілік акциялардың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) ерктілік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
7) ерктілік қызметтің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:

2) ерктілік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
3) ерктілік қызметтің мониторингін жүзеге асырады;
4) ерктілік қызмет практикасын талдауды, жиынтықтау мен жинақтап қорытуды жүзеге асырады;
5) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:

5) ерктілік қызмет жүйесін дамыту жөнінде шаралар қолданады;
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
11-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ерктілік қызмет саласындағы өкілеттіктері
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ерктілік қызмет саласындағы өкілеттіктеріне:
1) ерктілік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;
2) жастардың жаппай ерктілік акцияларын қолдауды жүзеге асыру;
3) ерктілік ұйымдардың ақпараттық жүйесінде ерктілік бағдарламалар (жобалар) және акциялар туралы ақпаратты орналастыру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де өкілеттіктер жатады.
3-тарау. ЕРІКТІЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
12-бап. ЕРІКТІЛІК
1.Еріктілік қызметті он сегіз жасқа толған жеке тұлғалар жүзеге асыра алады.
2. Он сегіз жасқа толмаған жеке тұлғалар ерктілік қызметті олардың денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жағдайда жүзеге асырады. Он төрт жасқа толмаған жеке тұлғалар ерктілік қызметке ата-анасының (өзге де заңды өкілдерінің) жазбаша келісімімен немесе олармен бірге ілесіп жүруімен қатысады. Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарларын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге он сегіз жастан асқан еріктілер ғана жіберіледі.
3. Еріктілердің:
1) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды ескере отырып, ерктілік қызметті жүзеге асыруға өзінің қатысуын еркін таңдауға;
2) егер еріктілер мен ерктілік ұйым арасында жасалған азаматтық-құқықтық шартта өзгеше көзделмесе және бұл жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына тікелей зиян келтіруге, мүліктік нұқсанның туындауына алып келмесе, ерктілік қызметті кез келген уақытта еркін тоқтатуға;
3) ерктілік қызметтің мақсаттары, міндеттері және мазмұны туралы, ерктілік қызметті ұйымдастырушы туралы, ерктілік ұйым, оның басшылығы, қызметінің қағидаттары туралы және ұйымдық құрылысы туралы анық ақпарат алуға;
4) ерктілік бағдарламаларды (жобаларды) орындауға ерктілік акциялар мен ерктілік қызметті жүзеге асыру үшін ұйымдастырылатын, бастама жасалатын немесе ұсынылатын өзге де іс-шараларды өткізуге;
5) еріктілермен жазбаша нысанда жасалған азаматтық-құқықтық шартта көзделген жағдайда, арнаулы киім алуға және жол жүруге, тұруға, тамақтануға, қажетті жеке қорғаныш құралдарын, құрал-саймандарды сатып алуға арналған шығыстарды және қауіпті, зиянды және қолайсыз өндірістік факторлармен байланысты жұмыстарды орындау кезіндегі өзге де шығындарды өтетуге;
6) ерктілік қызметті ұйымдастырушыдан және ерктілік ұйымнан ұсыным хаттарды алуға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізілген жағдайда, ақпараттық ресурстарға өзі жүзеге асырған ерктілік қызмет туралы, оның жүзеге асырылу орны мен сағат саны, көтермелеулер, өзі алған қосымша дайындық, қолдау және көтермелеу шараларын алу құқығы туралы мәліметтерді, өзге де мәліметтерді енгізуге;
8) ерктілік қызметті жүзеге асыру үшін білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт ұйымдарына және табиғат қорғау мен орман мекемелерінің аумағына осы ұйымдардың басшылығымен келісу бойынша кіруге;
9) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге қатысуға құқығы бар.
4. Ерікті:
1) ерктілерді үйлестірушіден алған тапсырмаларды адал орындауға, ал аяқталған соң олардың орындалғаны туралы волонтерлерді үйлестірушіні хабардар етуге;
2) азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға, ерктілік қызметті ұйымдастырушының өз құзыретіне сәйкес берген өкімдерін орындауға;
3) ерктілік қызметті қауіпсіз орындау қағидаттарын сақтауға, өзінің қызметімен үшінші тұлғаларға және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге;
4) ерктілік қызмет процесінде волонтер қол жеткізетін ақпараттың құпиялығын сақтауға;
5) ерктілік қызметті жүзеге асыру бойынша өз міндеттерін орындауды волонтерлерді үйлестірушінің келісімінсіз өзге адамдарға бермеуге;
6) ерктілік қызметті жүзеге асыру процесінде өзіне берілген материалдық ресурстар мен жабдыққа ұқыпты қарауға және жұмыс аяқталғаннан кейін оларды қайтаруға;
7) мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары лауазымды адамдарының өкілеттіктерінің іске асырылуына кедергі келтірмеуге міндетті.
13-бап. Еріктілерді үйлестіруші
1. Еріктілерді үйлестірушіні ерктілік қызметті ұйымдастырушы немесе ерктілік бағдарламаны (жобаны) немесе ерктілік акцияны іске асыруға жауапты волонтерлік ұйым тағайындайды не волонтерлер тобының құрамына кіретін волонтерлер өздерінің арасынан сайлайды.
2.Еріктілерді үйлестіруші еріктілерге нұсқау береді, олардың арасында жұмысты бөледі, әр еріктідің жұмыс орны мен көлемін айқындайды, оның жұмысты орындауын бақылайды.
3. ЕРІКТІлерді үйлестіруші мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, волонтерлік қызметтің өзге де ұйымдастырушыларымен және өзге де еріктілік ұйымдармен, сондай-ақ еріктілер топтарымен өзара іс-қимыл жасайды.
4. Еріктілерді үйлестіруші жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне және жазатайым оқиғалардан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге волонтерлерді оқытуды қамтамасыз етеді.
14-бап. Еріктілік ұйым
1. Еріктілік ұйым волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) әзірлейді және іске асырады және ерктілік қызметті ұйымдастырушымен, басқа да ерктілік ұйымдармен бірлесіп немесе еріктілерді өзі дербес тарта отырып,ерктілік акциялар өткізеді.
2. ЕРІКТІлік бағдарламаның (жобаның) мақсаты волонтерлерді пайдалана отырып іске асырылатын әлеуметтік маңызды міндеттерді шешуге бағытталған іс-шаралар кешенін бекіту болып табылады.
3. еріктілік бағдарламаның (жобаның) негізгі міндеттері:
1) ерктілік қызметті дамыту;
2) азаматтардың және ерктілік ұйымдардың ерктілік белсенділігін ынталандыру жүйесін дамыту;
3) еріктілерді және волонтерлерді үйлестірушілерді даярлау жүйесін жетілдіру;
4) еріктілік еңбекті пайдаланатын әртүрлі ерктілік ұйымдар және өзге де қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар арасында әріптестік өзара іс-қимыл жүйесін жетілдіру болып табылады.
4. еріктілік ұйым қызметін осы Заңның 13-бабына сәйкес жүзеге асыратын волонтерлерді үйлестірушіні тағайындайды.
5. еріктілік ұйымның еріктілерді арнайы семинарлар, тыңдаулар, жұмыс кездесулерін,еріктілердің слеттерін өткізуге оқыту үшін білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды тартуға құқығы бар.
6. еріктілік ұйым өзі белгілеген тәртіппен еріктілерді көтермелеуді жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу және (немесе) наградтау үшін анағұрлым ерекшеленген еріктілердің кандидатураларын ерктілік қызметті ұйымдастырушыға, сондай-ақ волонтерлік қызметті ұйымдастырушылар болып табылмайтын мемлекеттік органдарға ұсынады.
7. еріктімен жазбаша нысанда жасалған азаматтық-құқықтық шартта көзделген жағдайларда, волонтерлік ұйым еріктілерге арнаулы киім береді және оның нақты тұратын жерінен жол жүруіне, тұруына, тамақтануына, қажетті жеке қорғаныш құралдарын, құрал-саймандарды сатып алуға арналған шығыстарын және қауіпті, зиянды және қолайсыз өндірістік факторлармен байланысты жұмыстарды орындау кезіндегі өзге де шығындарын өтейді.
8. Еріктілік ұйым Еріктілердің әдеп кодексін әзірлейді және бекітеді.
15-бап. Еріктілік қызметті ұйымдастырушы
1. Еріктілік қызметті ұйымдастырушы:
1) ерктілік бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруды және ерктілік акцияларды өткізуді ұйымдастырады
2) ерктілік қызметті қолдау мен ынталандырудың мемлекеттік бағдарламаларын, егер бұл осы бағдарламаларда көзделсе, іске асыруға қатысады;
3) ерктілік ұйымға және (немесе) еріктіге жоспарланатын және жүзеге асырылатын волонтерлік бағдарламалар (жобалар) және еріктілік акциялар, оларға қатысушылардың саны, олардың өткізілу орны мен уақыты, оларды өткізуге қойылатын талаптар туралы ақпаратты, соның ішінде өздерінің интернет-ресурстарына орналастыру арқылы береді;
4) ерктілік қызметті жүзеге асыру үшін волонтерге жағдай жасайды;
5) ерктілік ұйымға және (немесе) волонтерге ұсыным хат береді.
16-бап. Еріктілік қызметті есепке алу тізілімі
1. Еріктілік қызметті ұйымдастыруды ретке келтіру мақсатында Еріктілік қызметті есепке алу тізілімі жүргізіледі.
2. Еріктілік қызметті есепке алу хабарламалық сипатта болады.
3. Еріктілік қызмет туралы мәліметтер жалпыға қолжетімді болып табылады.
17-бап. Еріктілік қызметті қолдау және қаржылық қамтамасыз ету
1. Еріктілік қызметті қолдау шаралары қайырымдылық көмек түрінде мынадай нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін:
1) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
2) мүліктік қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қолдау нысандары.
2. Еріктілік қызметті қаржылық қамтамасыз ету жеке және (немесе) заңды тұлғалардың меншікті немесе тартылған қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де көздер есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
18-бап. Қазақстан Республикасының волонтерлік қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының еріктілік қызмет туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.
19-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.