№7 мектеп – гимназиясы" КММ 2026-2027 оқу жылына педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша конкурс жариялайды. » Школа-гимназия №7 г. Тараз - официальный сайт
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№7 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8 726 2) 34-20-71
Есепші:
(8 726 2) 34-20-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №7 мектеп – гимназиясы" КММ 2026-2027 оқу жылына педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша конкурс жариялайды.
04
қыркүйек
2026

№7 мектеп – гимназиясы" КММ 2026-2027 оқу жылына педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша конкурс жариялайды.

Хабарландыру!!!

"Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің №7 мектеп – гимназиясы" КММ 2026-2027 оқу жылына педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша конкурс жариялайды.

           Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығының талаптарына сәйкес өткізіледі. Конкурсқа өтінімді ҰБДҚ hr-nobd.edu.kz «Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау» модуліне жіберуге болады. 

БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Мерзімі: 04.09.2026 ж. дан 15.09.2026ж. дейін

Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар ҰБДҚ «Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау» hr-nobd.edu.kz модуліне, «Enbek.kz» және мектептің ресми сайты мен әлеуметтік желі парақшаларына жарияланады.

Білім беру мекемесінің мекен-жайы: 080020 Тараз қаласы қ, Жалаири көшесі, №5, тел: 34-20-71 taraz7@mail.ru   .

1.Конкурс төмендегідей негізгі бос орындарға жүргізіледі:

1.Дене шынықтыру пәні мұғалімі  – 1 (1бірлік )  тұрақты

2.Математика пәні мұғалімі– 1 (1 бірлік) тұрақты

3.Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 1 (1 бірлік) декреттік демалыс орны

Еңбек ақы төлеу мөлшері, шарттары белгіленген бос немесе уақытша бос лауазым атауы: (орыс тілі мен әдебиеті, дене шынықтыру, математика пәні  мұғалімдері  150 000 - 200 000 жоғары (еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты).


2. Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптар:

  • Пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжаты болуы тиіс;
  • Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы міндетті;

Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда, сондай-ақ жоғары оқу орнын және кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін «Педагог» санаты бойынша ұлттық біліктілік тестілеу сертификатының болуы міндетті. 


3. Негізгі функционалдық міндеттері:

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.


4.Барлық мұғалімдердің функционалдық міндеттері:

  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
  • білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
  • пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық  бағалау тапсырмалар жасайды;
  • бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлейді; журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады; оқу үдерісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады; 
  • оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады; 
  • оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде орындалуын қамтамасыз етеді; 
  • инклюзивті білім беру үшін жағдай жасайды; 
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларын бейімдейді; 
  • интерактивті оқу материалдары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана отырып, қашықтан оқыту режимінде сабақтар ұйымдастырады; 
  • әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік-педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады; 
  • ата-аналарға (заңды өкілдерге) білім алушылардың оқу жетістіктері, тәртібі және оқу-тәрбие үдерісіне қатысты мәселелер бойынша кеңес береді.
  • Педагогикалық консилиумдарға қатысады; 
  • кәсіби құзыреттілігін арттырады; 
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтайды; 
  • білім беру процесі барысында білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді; 
  • ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады; 
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады.


5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі

Конкурс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

  1. осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4. Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  7. психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
  8. наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
  9. сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
  10. ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса), немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults, Cambridge) – PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) – Pass and above; немесе IELTS – 6,5 балл; немесе TOEFL (Internet Based Test (iBT)) – 60–65 балл көрсеткіші бар сертификат;
  11. осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
  12. жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыным хат.