«Үздік жас педагог – 2026» » Школа-гимназия №7 г. Тараз - официальный сайт
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№7 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8 726 2) 34-20-71
Есепші:
(8 726 2) 34-20-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үздік жас педагог – 2026»
17
сәуір
2026

«Үздік жас педагог – 2026»

17 сәуір күні №7 мектеп-гимназиясында «Үздік жас педагог – 2026» байқауы өтті. Бұл – білім беру саласындағы маңызды әрі шабыттандыратын іс-шаралардың бірі, өз ісіне адал, талантты ұстаздарды біріктіретін ерекше алаң. Мұндай байқауға қатысу жоғары кәсібилікті ғана емес, сонымен қатар шығармашылық ізденісті, тәжірибе бөлісу қабілетін және оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнатуды талап етеді. Байқаудың ұйымдастырушысы – ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Ормаханова Т.К. Қатысқандар: №7 мектеп-гимназиясының директоры Турысбекова Н.М., комиссия мүшелері: Назарова Н.В. – тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, Гончарова Н.В. – №7 мектеп-гимназиясының ата-аналар комитетінің төрайымы. Педагогтар: Кириченко М.Н., Бобер Р.К., Бралиева А.К.М., Бондаренко Т.Б., психолог Аубакирова А. Байқауға мектептің жас мамандары қатысты: 1. Анарова Умида Бахадирқызы – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 2. Бақыт Иса Бақытұлы – музыка пәнінің мұғалімі 3. Вавулиди Илария Игоревна – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 4. Серкебаева Айгерим Тулендиевна – математика пәнінің мұғалімі 5. Ермекқызы Динара – химия пәнінің мұғалімі 6. Мәлікова Азиза Саматқызы – бастауыш сынып мұғалімі 7. Парсаев Айдар Ғабдималикұлы – тарих пәнінің мұғалімі 8. Шамрай Ксения Максимовна – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бұл байқау педагогтарды кәсіби тұрғыда дамуға, өзін-өзі жетілдіруге және білім беру үдерісіне жаңашылдық енгізуге ынталандырады. Жалпы, мұндай сайыстар ұстаз мамандығының мәртебесін арттырып, оның қоғамдағы маңыздылығын айқындайды. Байқау нәтижелері: Гран-при – Вавулиди Илария Игоревна І орын – Мәлікова Азиза Саматқызы ІІ орын – Бақыт Иса Бақытұлы ІІІ орын – Серкебаева Айгерим Тулендиевна, Анарова Умида Бахадирқызы Номинациялар: «Идеялар генераторы» – Ермекқызы Динара «Креативті ұстаз» – Шамрай К.М. «Зияткерлік драйв» – Парсаев А.Г. Құттықтаймыз! Сіздерге алдағы уақытта да толағай табыстар, білімге құштар шәкірттер, өз күштеріңізге сенім және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!